Мысырда мерт болған Қазақстан азаматының мүрдесі елге жеткізіледі

0
102

Nomad Insurance сақтандыру компаниясы туристік оператордан қайғылы оқиға жайлы ақпарат түскеннен кейін бірден мүрдені елге жеткізу шығындарын жабу үшін кепіл берілген қаражатты аударған.


Мысырда мерт болған Қазақстан азаматының мүрдесі елге жеткізіледі

Фото: freepik

ERNUR.KZ. Мысырда мерт болған отандасымыз Ақмарал Мұқанова мен оның ұлы сақтандырылған, деп жазады inform.kz.

Nomad Insurance сақтандыру компаниясы туристік оператордан қайғылы оқиға жайлы ақпарат түскеннен кейін бірден мүрдені елге жеткізу шығындарын жабу үшін кепіл берілген қаражатты аударған. Құзыретті органдардың шешіміне байланысты мүрде Шарм-эш-Шейхтан не Каирден жеткізу жоспарланып отыр.

18 мамырда Шарм-эш-Шейх әуежайында рейсті күтіп тұрған жолаушылар тұрған аумақта жарнама тақтасы құлады. Оқиғаның салдарынан қазақстандық әйел мерт болды, тағы екі отандасымыз жарақат алды.
Оқиға туралы ақпарат бірден прокуратура органдарына жолданды. Ресми түрде қылмыстық тергеу басталды. Әуежай әкімшілігі мен жарнама агенттігінің өкілдері жан-жақты және ашық тергеу жүруі үшін құқық қорғау органдарымен ынтымақтаса іске атсалысып жатыр.
Ал кеше Ақмарал Мұқанованың жан құрбысы Венера Искакова марқұмның мүрдесін елге, Ақтөбе қаласына жеткізу үшін көмек сұраған еді.