"Найзағай ойнап, жаңбыр жауады": 9-11 маусымға арналған ауа райы болжамы

0
873

Еліміздің солтүстігі мен солтүстік-батысында күн ашық, жауын-шашын жаумайды.


"Қазгидромет" орталығы мамандары 9-11 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алдағы үш күнде жоғары циклонның әсерінен Қазақстанның көптеген өңірлерінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.

Тек республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында антициклонның ықпалымен күн ашық, жауын-шашын жаумайды.

Еліміздің батыс бөлігінде күндізгі температура көпжылдық орташа мәннен 0...4 градусқа жоғары, оңтүстік-шығыста нормадан 0...4 градусқа төмен, ал қалған аумақта температура норма шамасында болады.