Наннан шыққан жаңқа оқушы қыздың тамағына тұрып қалған (фото)

0
1 960

Оқушы қыз нанмен қоса жұтып қойған жаңқа оның тамағына тұрып қалған


Наннан шыққан  жаңқа оқушы қыздың тамағына тұрып қалған (фото)

фото:nur.kz

ERNUR.KZ. Қостанайда түстенбек болған кішкентай қыздың тамағына жаңқа тұрып қалды. Үш сантиметрлік бөгде зат оқушы жеген нанның ішінен шыққан, деп жазады nur.kz.

Оқушы қыз нанмен қоса жұтып қойған жаңқа оның тамағына тұрып қалған. Бұл жайт жөнінде зардап шеккен балақайдың ата-анасы оқиғадан кейін, үш күн өткен соң бір-ақ білген.

14 жастағы жасөспірім өзін жайсыз сезінген сәтте бірден ата-анасымен ауруханаға барды. Алайда, дәрігерлер ешқандай да ауытқушылықты байқамай, оларға ангина кезінде қабылдайтын дәрі-дәрмектер тізімін жазып берген.

Оқушы қыз кеңірдегіне қадалған жаңқамен үш күн бойы қиналып шыққан. Нәтижесінде жағдай ушығып, ол тамақ ішумен қатар жөнді сөйлей де алмай қалған.

Баласының денсаулығы күрт нашарлап бара жатқанын сезген ана оны тағы бір мәрте ауруханаға апарды. Мамандар арнайы апараттпен тексеріс жүргізіп, оның нәтижесінде қыздың тамағындағы жаңқа барын анықтаған.

СЭС жаңқа шыққан нан өндіруші мекемеге арнайы тексеріс жүргізіп, бірқатар заң бұзушылықты тіркеді.

Жапа шеккен оқушы қыз оқиғасынан кейін нан өндірушірушуге айыппұл салынды.