Наурыз айында өткен референдумда халқымыз біртұтас ұлт болып ұйысып, тарихи таңдауын жасады – Тоқаев

0
134

Президент: Біздің алға қойған мақсатымыз – айқын.


Наурыз айында өткен референдумда халқымыз біртұтас ұлт болып ұйысып, тарихи таңдауын жасады – Тоқаев

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы жалпыұлттық референдумға белсенді қатысқан медицина мамандарына ризашылығын білдірді.

«Қазір біз бәріміз Әділетті, Күшті, Озық әрі Таза Қазақстанды құрып жатырмыз. Қоғамның барлық саласында ауқымды және түбегейлі өзгерістер жасалуда.

Біздің алға қойған мақсатымыз – айқын. Бұл – жас ұрпақтың игілігі үшін тұғыры берік, қуатты мемлекетті құру.

Наурыз айында өткен жалпыұлттық референдум кезінде азаматтарымыз отаншылдық пен жауапкершіліктің тамаша үлгісін көрсетті. Медицина саласының мамандары да осы ортақ іске белсене атсалысты.

Саяси науқан барысында халқымыз біртұтас ұлт болып ұйысып, тарихи таңдауын жасады.

Жұртымыз ел тағдырына бей-жай қарамай, жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді. Бұл жарқын болашаққа жол ашатын аса маңызды шешім болғаны анық», - деді Президент.