Сенатта өткен брифингте журналистер "15 наурыз, 30 тамыздағы Конституция күні сияқты, ресми демалыс күні бола ма?" деп сұрады.
ЖИ арқылы жасалған/ tengrinews.kz.
ERNUR.KZ. Наурызда Қазақстанда демалыс күндерінің саны артады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.
Сенатта өткен брифингте журналистер "15 наурыз, 30 тамыздағы Конституция күні сияқты, ресми демалыс күні бола ма?" деп сұрады. Шегай бұл сауалға жауап беріп, тиісті норманың жаңа Конституцияда бекітілгенін еске салды.
Осылайша, референдумда қабылданған Ата Заң күшіне енгеннен кейін, 15 наурыз Қазақстанда ресми түрде мемлекеттік мереке және демалыс күні болады.
"Халық референдумда қабылдаған жаңа Конституция 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Конституция мәтінінің өзінде референдум өткен күн мемлекеттік мереке, яғни күнтізбедегі "қызыл күн" болып жарияланатыны қарастырылған", - деп түсіндірді ол.


