Назарбаев дипломатиялық өкілдік басшыларымен кездесті

0
1 770

Елбасы 1,3 млн қызметкердің жалақысы көтерілетінін, сонымен қатар, адам капиталын дамыту, құқық қорғау жүйесін жетілдіру, нақты шараларды іске асыру көзделгенін еске салды.


Назарбаев дипломатиялық өкілдік басшыларымен кездесті

ERNUR.KZ. Ақордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізде тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесті, деп жазады baq.kz.

«Құрметті елшілер, дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, бүгінгі күні сіздермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Жал сайынғы дәстүріміз бойынша осы кездесуде пікір алмасып, жағдайды хабарлайтын боламыз. Биылғы жылы Қазақстанның тәуелсіздігіне 27 жыл болады. Биыл елордамыз – Астананың 20 жылдық мерейтойын атап өткенімізді білесіздер. Қазіргі таңда еліміз ауқымды әрі тарихи маңызды бірнеше реформаны іске асыру жолында. Қазан айындағы Жолдауымда белгіленген ауқымды бастамаларды орындау үшін 4 млрд доллардан астам қаражат жұмсалатын болады. Бұның жүргізілуін қазір біз бақылап отырмыз», - деді Назарбаев жиында.

Елбасы 1,3 млн қызметкердің жалақысы көтерілетінін, сонымен қатар, адам капиталын дамыту, құқық қорғау жүйесін жетілдіру, нақты шараларды іске асыру көзделгенін еске салды.

«Жалпы, өздеріңіз білетін, «7-20-25», «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Өткен жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4 процентке жетіп, әлемдік орташа көрсеткіштен асып түсті. Биылғы жылы да осы деңгейде немесе көбірек болады деп күтеміз. Тәуелсіздік жылдары елімізге шетелден тартылған тікелей инвестицияның жалпы көлемі 300 млрд доллардан асты. Осының арқасында біздің экономикамыз дамып келе жатыр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.