​Назарбаев мемлекет басшыларына латын әліпбиі неліктен маңызды екенін айтты

0
2 192

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің латын әліпбиіне көшуіне байланысты түсініктеме берді.


​Назарбаев мемлекет басшыларына латын әліпбиі неліктен маңызды екенін айтты

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің латын әліпбиіне көшуіне байланысты түсініктеме берді, деп жазады sputniknews.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасына негізделген әліпбиді қолдану туралы шешім түркі халықтарын жақындастырады деп есептейді. Ол өз пікірін Қырғызстанда өткен түркітілдес мемлекеттер басшыларының саммитінде білдірді, деп хабарлады РИА Новости.

Қазақстан лидері өз сөзінде Түркі кеңесі аясындағы ынтымақтастық өзара дамуға қолайлы жағдай туғызатынын атап өтті. Оның айтуынша, қауіпсіздік пен санкциялар саласындағы қауіп-қатерлер түркі әлемін де айналып өткен жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, Қазақстан 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуі тиіс.