​Назарбаевтың алғашқы қызметтік көліктерінің бірі мұражайға қойылды

0
2 065

Мұражайға президенттің көлігін автокранның көмегімен алып келген.


​Назарбаевтың алғашқы қызметтік көліктерінің бірі мұражайға қойылды

ERNUR.KZ. 13 желтоқсанда Теміртаудағы мұражайға тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ең алғашқы қызметтік көліктерінің бірі қойылды, деп жазады NUR.KZ.

"Mercedes Benz S600L" автокөлігін көру бақыты журналистерге, президенттің қызметтестеріне, Теміртаудағы азаматтық қорғау горнизонының жеке құрамы мен қала әкімі Ғалым Әшімовке бұйырыпты.

Мұражайға президенттің көлігін автокранның көмегімен алып келген.

"Көлік 2005 жылы шығарылған. Қозғалтқышының көлемі – 5 мың текше метрден көбірек. Бұл көлікті Нұрсұлтан Әбішұлы жұмыс барысында қолданған. Машина өте жақсы жағдайда сақталыпты.

Автомибиль ерекше етіп құрастырылған. Онда қорғайтын арнайы әйнектер мен қауіпсіздіктің айрықша жүйесі орнатылған ", - дейді тарихи-мәдени орталықтың ғылыми қызметкері Андрей Каваев.

Сондай-ақ, тарихи мәдени орталыққа бұдан басқа 17 экспонат берілген. Экспонаттың көбісі – Нұрсұлтан Назарбаевқа өзге елдің басшылары ұсынған сыйлықтар.