Қазақстанда «нөлінші сыныпқа» баратын оқушылар үшін 400 мыңдай оқулықты латын қарпімен басып шығару қажет. Бұл туралы ҚР БжҒ министі Ерлан Сағадиев Үкімет сағатында баяндады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Министр осы бағытта мұғалімдерді даярлау шараларымен Үкімет басшысын таныстырып өтті.
«Қазіргі таңда біріңғай бағдарлама мен мұғалімдерді даярлау кестесі дайын. Оқулықтар сараптамадан өткізілді. Бірақ, олардың барлығы кирилицамен жазылған. Енді, нөлінші сыныпқа баратын 400 мыңдай оқушыға жаңа оқулықтар шығару қажет. Латын қарпіне өтіп жатқандықтан оқулықтарды бірден латын әріптерімен басып шығарған дұрыс деп ойлаймын. Бұл қаржылай да тиімді болады», - деді Сағадиев.
Жаңа оқулықтарды әзірлеуге және оны сараптамадан өткізуге уақыт керек. Сондықтан нөлінші сыныптарды енгізу 2020 жылға шегеру себебін де түсіндіре кетті БжҒ министрі.
Бұған дейін Қазақстанда «нөлінші сыныптарды» енгізу 2019 жылға жоспарланған еді.