Бүгін Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот сөзжарысы болып жатыр. Э
ERNUR.KZ. Экс-министрдің қорғаушыларының бірі Лейла Рамазанова Нүкенова таспаланған интим видеоны Бишімбаевқа біреу әдейі арандату мақсатында жібергенін мәлімдеді, деп жазады stan.kz.
Қорғаушы тарап Лейла Рамазанова сот жарыссөзі аясында сөз сөйлейді:
“Нүкеноваға қатысты қатыгез және ар-намысын таптайтын, оның порноға түскені туралы әлеуметтік желілердегі ақпарат айыптау актісінде бар. Егер әйел мұндай порнофильмдер мен порноматериалдарға түспесе бұл мәселе оның беделіне нұқсан келтіріп, психикалық салмақ түсіре алмайды. Және мен видеодағы ол ма, басқа ма – білмеймін. Маңыздысы – мұны біреу Қуандық Бишімбаевқа әдейі, әйелі Нүкеновамен ұрсысып қап, ол кезекті мәрте кетіп қалсын деген ниетпен жіберілген”, – деді.
Бұған дейін Рамазанова "сотталушының кінәсі – оның адамдығы" деп мәлімдеп, Нүкенова жағдайды өзі тілеп алды деген еді.


