Қаржы пирамидасын құрушылар WhatsApp, Тelegram мессенджерлерінен "Астана Раушан касса айналымы" атты чат ашып, ақшалай қаражат алу үшін 2 мың салымшыны тартқан.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан тұрғындары қаржы пирамидасын құрып, 2 мың қазақстандықты алдаған, деп жазады Tengrinews.kz.
Ведомствоның мәліметінше, Нұр-Сұлтан қалалық департаменті қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету дерегі бойынша Ахымбекова Р.Ж. және К.Ж. Елеукеноваға қатысты қылмыстық іс тергеліп, аяқталған.
Қаржы пирамидасын құрушылар WhatsApp, Тelegram мессенджерлерінен "Астана Раушан касса айналымы" атты чат ашып, ақшалай қаражат алу үшін 2 мың салымшыны тартқан.
Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарға сақ болуға, қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардан абай болуға шақырды.
Сіз және сіздің жақын туыстарыңыз бен достарыңыз қаржылық пирамидаға тап болса мына нөмірге хабарласыңыздар: +7 (7172) 708-478