Нұр-Сұлтанда 500 адам жиналған танымал түнгі клуб анықталды

0
909

Тексеру кезінде клуб қонақтары мен қызметкерлері тығылып ішке жасырынбақшы болған.


Нұр-Сұлтанда 500 адам жиналған танымал түнгі клуб анықталды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда түнгі клубтарды карантин режимін сақтау бойынша тексеру жалғасуда, деп жазады Stan.kz.

Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, рейд кезінде мобильді топ түнгі сағат 23.40-та ВНВ (БХБ) түнгі клубына барған. Полицейлер мекемеде 500-ге жуық адам болғанын айтады.


"Біз барғанда түнгі клуб қонақтары мен қызметкерлері бізден тығылып ішке жасырынбақшы болды.Түнгі клубта 500-ге жуық адам бетпердесіз, арақашықтықты сақтамай, көңіл көтеріп жүрді", - деп хабарлады ведомство.


Тағы бір бұзушылық сағат 22.10-да Қорғалжын тас жолында орналасқан ZIMA түнгі клубында анықталды. Бұл мекемеде 80 қонақ болыпты.

Сондай-ақ ZOLOTO және Korean һаиѕе мейрамханаларын, сондай-ақ ICON клубын тексеру кезінде карантинді бұзу фактілері анықталды.


"Жоғарыда аталған элиталық мекемелердің барлығы карантин шараларын, сондай-ақ жұмыс және демалыс күндері сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесі бар санитарлық-профилактикалық шараларын өрескел бұзды. Мекеме иелеріне қатысты жиналған материалдар санитарлық дәрігерлерге шешім қабылдау үшін жіберілді", - деп толықтырды Департамент.


Бір тәулік ішінде мобильді топ 313 кәсіпкерлік нысанын тексеріп, 46 карантин режимін бұзу фактілерін анықтады.