Нұр-Сұлтанда "екі әлемнің" мәдениеті жайлы көрме ашылды

0
2 824

​Суретші Нина Терещенконың жеке көрмесінде славян және түркі мифологиясының ерекше үйлесімі ұсынылды, автордың туындыларын 15-29 қараша аралығында көруге болады.


Нұр-Сұлтанда

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда суретші Нина Терещенконың "Суреттер мен түстердегі аңыздар мен ертегілер" көрмесі ашылды. Өнер туындылары Ресейдің ғылым және мәдениет орталығында ұсынылған, барлық келушіге кіру тегін, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Славян әлемі мен Шығыс халықтарының мәдениеті – Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Нина Терещенко шығармашылығының негізгі тақырыптары. "Екі әлемнің" аңыздары, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары оның жаңа жеке көрмесінің өзегі болды. Көрмеге оның соңғы үш жыл ішінде салған 56 картинасы қойылған. Оның туындыларында библиялық образдар, көркем шығармалардың сарындары және дала рухы бар.

"Славян мифологиясы маған қан, тек және дін жағынан жақын. Қазақ мифологиясы да қызықты, ерекше. Менің шығармашылығым – түркі және славян мәдениеттерінің синтезі. Библиялық бейнелерді байқай аласыздар, Библия мен Құранда ұқсас нәрселер бар екенін айтқым келеді", - деп ой бөлісті Нина Терещенко.

Нина Андреевна 13 жеке көрме өткізген, деп атап өтті Россотрудничество өкілдігінің мәдени бағдарламалар үйлестірушісі Николай Мальцев.

Томиристің картинасы Кипрдегі музейге қойылады

Көрмеде жауынгер Томиристің картинасы ерекше орын алады. 2020 жылдың қарашасында оны Кипрдегі түркі халықтарының қазіргі заманғы өнер музейіне қоймақ.

"Сурет Суат Бейге (Суат Гюнсел – кәсіпкер, Кипрдегі ең бай адам – Sputnik) қатты ұнады. Ол өз қаржысына көрме ұйымдастырып, 20 мыңға жуық ең жақсы жұмыстарды жинамақшы", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Суретшілер одағының төрағасы Өмірәлі Исмаилов.

Нина Терещенко әйел образын жақсы көреді, ол жалаңаш дененің сұлулығын ерекше тәсілмен жеткізуге тырысып жүр.

"Әйелден әдемі не болуы мүмкін? Меніңше, еш нәрсе. Әйел қайда жүрсе де сұлулығын жоғалтпайды", - деп атап өтті ол.

Картиналар қанша тұрады

Нина Терещенко бүгінде суретті сату қиын екенін мойындады.

"Адамдар кредитімді қалай жабамын, оқу ақысын қалай төлеймін деп бас қатырады. Бұрын сатып алатын, қазір жағдай қиындап кетті. Бірақ біз мұны түсінеміз, өзіміз де оны бастан өткеріп жатырмыз", - деп жауап берді суретші.