Нұр-Сұлтанда қарды уақтылы тазаламаған компанияларға айыппұл салынды

0
819

Айыппұлдың көлемі 126 250 теңгеге дейін жеткен.


Нұр-Сұлтанда қарды уақтылы тазаламаған компанияларға айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда қарды уақтылы тазаламағаны үшін 50 ПИК-ке (басқарушы компаниялар, ЖШС) жалпы сомасы 1 млн 187 мың теңгеден аса айыппұл салынды, деп жазады zakon.kz.

Биыл қыс басталғалы "Қалалар мен елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзу" ҚР ӘҚБК 505-бабы бойынша 23 мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұл сомасы 1 млн 800 мың теңгені құрады.

Мысалы, REM.KZ ЖШС "Азия парк» СОО-ның маңайындағы аумақты дер кезде қар мен мұздан тазаламағаны үшін 126 250 теңге айыппұл салынды.

Айта кетсек, кеше қаланы қардан тазалау жұмыстарына 1 мыңнан астам арнайы техника мен 1652 жұмысшы жұмылдырылды. 23 желтоқсаннан 24 желтоқсанға қараған түні 24 150 текше метр қар шығарылды (2 013 рейс). Барлығы 1 051 668 текше метр қар аршылды, бұл шамамен - 87 639 рейс.