Нұр-Сұлтанда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар 6 жылға сотталды

0
709

Олар салымшылардың 1,6 млрд теңгесін заңсыз иеленген.


Нұр-Сұлтанда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар 6 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының Қылмыстық кодекстің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы, 214-бабының 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотталған С. және Б.-ға қатысты 2022 жылғы 5 шілдедегі үкімін өзгеріссіз қалдырды. Оларға 7 жыл мерзімге коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, тиісінше 6 және 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Сотталғандар қаржы пирамидаларын құрып, жылжымалы/жылжымайтын мүлікті сатып алу бағдарламасымен 249 салымшыны тартып, сондай-ақ «Cell-келісімшарт» пен Profitbox бағдарламасы бойынша 1,6 млрд теңгені заңсыз иеленген.

Сот үкімі заңды күшіне енді.