Нұр-Сұлтанда келіншек баласымен бірге 12-қабаттан секірмек болған (видео)

0
638

21 жастағы келіншек отбасыдағы жанжалдан кейін осындай әрекетке бел буғаны анықталды.


Нұр-Сұлтанда келіншек баласымен бірге 12-қабаттан секірмек болған (видео)

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан тұрғыны бір жарым жасар баласымен көпқабатты үйдің 12-қабатынан секірмек болды. Оларды жақын маңда өтіп бара жатқан полицей құтқарды. Қала тұрғындары осы сәтті видеоға түсіріп алған, деп жазады Tengrinews.kz.

"22 қазанда сағат 17.30-да Кубрин көшесінде полиция капитаны Қайрат Нариманов көпқабатты үйдің балконында 12-қабаттан аяғын шығарып отырған қолында баласы бар әйелді байқайды. Ол биіктен секіргісі келген. Полиция қызметкері бірден үйге жүгіріп, көтерілді. Әйелдің оны байқамағанына көз жеткізіп, ұстап алды", - делінген хабарламада.

21 жастағы келіншек отбасыдағы жанжалдан кейін осындай әрекетке бел буғаны анықталды.

"Бұл кезекшіліктен кейінгі демалыс күні еді. Балаларды балабақшадан алып, қайтып бара жатқанда, аулада абыржыған адамдар мен балконда отырған әйелді көрдім. Ойланбастан подъезге қарай беттедім, менімен лифтке куәгерлердің бірі жүгіріп келді. Абырой болғанда бәрі ойдағыдай шықты, мен әйелді ұстап алып, ішке сүйреп апардым", - деді полиция қызметкері.

Келіншекті осындай халге жеткізген жұбайына қатысты полиция қорғаныс бұйрығын шығарды, отбасы ерекше бақылауға алынды. Әйелмен профилактикалық әңгіме өткізіліп, психологиялық көмек көрсетілді.