Нұр-Сұлтанда тереңдігі 2 метр болатын кәріз құдығына кішкентай бала құлап кетті.
ERNUR.KZ. Елордада кәріз құдығына түсіп кеткен кішкентай бала майып бола жаздады. Құдықтың қақпағы дұрыс жабылмаған, деп жазады exk.kz.
Нұр-Сұлтанда тереңдігі 2 метр болатын кәріз құдығына кішкентай бала құлап кетті. Абырой болғанда оның өміріне ешқандай қауіп төнген жоқ.
Куәгерлердің айтуынша, құдықтың қақпағы дұрыс бекітілмеген екен. 2 жасар балаға жедел жәрдем шақыртылды. Өйткен құдықтан шығарған кезде ол өздігінен жүре алмай қалған.