​Нұр-Сұлтанда мемлекеттік драма және комедия театры жаңа маусымын ашты

0
1 112

Абайдың 175 жылдығына арналған "Абай" қойылымын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов қойды.


​Нұр-Сұлтанда мемлекеттік драма және комедия театры жаңа маусымын ашты

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай төртінші маусымын ашты, деп жазады sputnik.kz.

Абайдың 175 жылдығына арналған "Абай" қойылымын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов қойды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

"Бұл қойылымда біз Абайдың Абай болуын, үлкен қадамдарды қалай жасағанын, үлкен ойларға қалай келгенін, бала Абайдан ересек Абайға қалай өткенін, өмір жолын алған болатынбыз. Қойылымда Абайдың анасы Ұлжанды сомдадым", - деді театр актрисасы Ажар Шәкіржанова.

Ақынның жас күнін сомдаған актер Бекарыс Асқарбеков өз ойын былайша жеткізді.

"Жас Абай" қойылымында ақынның жас күнін сомдадым. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Өзім үшін бір жеңіс деп есептеймін. Ақынның өлеңдерінің, қара сөздерінің астарында қандай мағына жатқанын түсіну оңай емес. Сол себепті ақынның жас күнін сомдағаныма қуаныштымын", - деді театр актер Бекарыс Асқарбеков.