Нұр-Сұлтанда оқушылар емтиханнан кейін ауруханаға түсті

0
644

​Желіде тараған кейбір деректерде қызметкерлер емтихан жүріп жатқан бөлмедегі кварц шамын сөндіруді ұмытып кеткені айтылады.


Нұр-Сұлтанда оқушылар емтиханнан кейін ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Елордадағы мектептің төрт оқушысы кварц әсерінен көздері зақымдалды, деп жазады sputniknews.kz.

Астаналық басқарма ұсынған ақпаратқа сәйкес, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жедел жәрдем көмегімен оқушылар жеткізілді. Олар кварц шамының әсерінен кейін өздерін нашар сезінгенін айтқан.

Төрт оқушыны дәрігерлер тексерді. Зардап шеккендер арасында 2004 жылы туған үш бала және 2005 жылы туған бір оқушы бар.

"Оларды тексеру кезінде жеңіл деңгейде электроофтальмия (көз алмасының зақымдалуы) анықталды", – делінген хабарламада.

Дәрігер тексергеннен кейін төрт оқушы да үйлеріне жіберілді. Олар тұратын мекенжайы бойынша амбулаториялық емдеу алады.

Ал әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша, Нұр-Сұлтандағы мектептердің бірінде оқушылар кварцтеуге арналған ультракүлгін шамды сөндірмеген кабинетте мемлекеттік емтихан тапсырған.

Оқушылар кварц қосылған бөлмеде бір жарым сағат бойы отырған. Кешке қарай олар денсаулығына шағымданған соң жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.