Нұр-Сұлтанда төрт жігіт курьерді соққыға жықты

0
558

Glovo рюкзагын таққан жігітті ағаш битамен ұрған.


Нұр-Сұлтанда төрт жігіт курьерді соққыға жықты

ERNUR.KZ. Астанада бірнеше жас жігіт жеткізу қызметінің курьерін ұрып-соққан. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп жазады sputnik.kz.



Көліктен түскен жігіттердің бірі сары Glovo рюкзагын таққан жігітті ағаш битамен ұрады. Бұл оқиға Мәңгілік ел даңғылының бойында болған.
Полицейлер "Бұзақылық" бабымен тергеу басталғанын, оның қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарылатынын айтты.
"Осы жылдың 22 тамызында сағат 19:50 шамасында полицияға "Субару" көлігін мінген төрт жігіт Glovo курьерін соққыға жыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Осы факті бойынша Есіл ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады", - деді полицейлер.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.