Нұр-Сұлтанда жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу қайта жалғасады

0
354

Астанада №1 Көпбейінді қалалық аурухана базасында инфекциялық стационар жабылады.


Нұр-Сұлтанда жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу қайта жалғасады

ERNUR.KZ. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асхат Оралов мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Осы аптада біз №1 Көпбейінді қалалық аурухана базасында ковидтік стационарды жабамыз, онда тәулік бойы және күндізгі стационарларға жоспарлы емдеуге жатқызу қалпына келтіріледі. Осы қалалық ауруханаға шілде айының басында 600 инфекциялық төсек-орын қойылды", - деп хабарлады Оралов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, 12 қазан таңертеңнен бастап елордадағы жұқпалы аурулар ауруханасында 578 адам емделіп жатыр.

"990 төсектің 58,4 пайызы, ал пандемия шыңында 4 мың төсектің 70 пайызынан астамы бос болмады", - деп қосты қала әкімінің орынбасары.