Нұр-Сұлтандағы балалар ауруханасында сорпадан құрт шыққан: кінәлі адам жазаланды

0
1 160

Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс жүргізілгенін хабарлады.


Нұр-Сұлтандағы балалар ауруханасында сорпадан құрт шыққан: кінәлі адам жазаланды

ERNUR.KZ. Елордада №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында сорпадан құрт табылды. Бұл туралы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры, баланың әкесі Дидар Смағұлов Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп жазады Tengrinews.kz.

Смағұлов баласының үш сағат бойы дәрігерді күткенін, ұлы өзін нашар сезінгенін айтты.

"Мен достарыма қоңырау шалып, су мен кейбір заттарды отбасыма ауруханаға жеткізуін сұраған кезде шу шығарған жоқпын. Жұмыста болдым және сағат 19.00-ден кейін ғана балама бардым. Отбасым кешкі ассыз қалған кезде де ешкімге шағынданған жоқпын. Бұл ас үшін біз күн сайын ақша төлеп отырмыз. Алайда асхана "оны есепке алмапты". Бірақ ауруханада балаға берілген тамақтан құрт шықса, шыдамды адамның да шыдамы таусылады", - дейді Смағұлов.

Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс жүргізілгенін, қызмет көрсетушілерге бұл жағдайға түсінік беру туралы хат жолданғанын хабарлады.

"Қызметтік тексеріс аяқталғаннан кейін тамақ беретін қызметкерлердің жұмысына бақылау күшейтілді. Күн сайын сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін бөлімшелердегі тарату бөлмелерінің жұмысы, санитариялық-эпидемиологиялық режим, тамақты тарату процесінің өзі және тағы басқа жағдайлар бақылауда", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, басқарма ауруханаға жаңа ыдыс сатып алынғанын атап өтті.

"Бұл оқиғаға себепші болған тамақ беруші қызметкер жұмыстан шығарылды. Сол күні кешкі ас науқастардың ыдысына салынып берілді. Тамақ таратушыларға санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау, медициналық этика мен деонтологияны сақтау бойынша қосымша нұсқаулық берілді. Осындай жағдай туындамауы үшін тиісті шаралар қабылданды. Кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.