Қазір елімізде АИ-95 қоры 40 мың тонна.
ERNUR.KZ. Елімізде ай сайын 70 мың тонна АИ-95 маркалы бензині қолданылады, деп жазады Ulysmedia.kz.
«Қазір елімізде АИ-95 қоры 40 мың тонна, ай сайынғы тұтыну көлемі 70 мың тоннаны құрайды», - деген хабар таратты министрліктің баспасөз қызметі.
Ақпаратта айтылғандай бүгінде Нұр-Сұлтан қаласындағы бензин қоры 16 күнге жетеді.
«Егер жанар-жағармай құю бекетінде бензин сатуға қатысты шектеу болса, оның мән-жайын сол жерден сұрау керек», - дейді ведомстводан.