Ол бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты болған.
ERNUR.KZ. Нұрлан Әбдіров сенатор болып тағайындалды, деп жазады тengrinews.kz.
"Мемлекет Басшысының Жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ол бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты болған. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Сенат депутаты Бектас Бекназаровтың өкілеті тоқтатылды. Ол Сенат төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған.