Ол жаңа қызметке 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі.
ERNUR.KZ. Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ бас хатшысы болып тағайындалды, деп жазады sputnik.kz.
Ол ұйымға 2025 жылғы 1 қаңтардан 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін басшылық етеді. Тиісті шешім Астанадағы ШЫҰ саммитінде қабылданды.
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШЫҰ-ның Бас хатшысы қызметін Қытай өкілі Чжан Мин атқарған еді.
Нұрлан Ермекбаев 1963 жылы Шымкентте дүниеге келген. Қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерін жетік меңгерген.
2018-2021 жылдары қорғаныс министрі болған.
2023 жылдың қантар айында Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалған.