Бүгін Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге кәсіби біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады.
ERNUR.KZ. Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері және Назарбаев қорына қатысты заңдар өзгертілмек, деп жазады tengrinews.kz.
Бүгін Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге кәсіби біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Оны іске асыру үшін бірқатар заңға, оның ішінде "Назарбаев Университетінің", "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" және "Назарбаев Қорының" мәртебесі туралы" өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
"Мемлекет басшысының дербес білім беру ұйымдарының Жоғары қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі өкілетін айқындау бойынша түзетулер көзделген", - делінген Сенат қорытындысында.
Заңның қазіргі редакциясында Жоғарғы Қамқоршылық кеңестің бірінші төрағасы - Нұрсұлтан Назарбаев. Өзгерістерге сәйкес Президент немесе ол тағайындаған адам жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы болады.