Нұртөре Жүсіп: Біткен іске сыншы болғанша, балаңа дұрыс тәрбие бер

0
117

Бұл туралы журналист Нұртөре Жүсіп "Адырна" ютуб-арнасына берген сұхбатында айтты.


Нұртөре Жүсіп: Біткен іске сыншы болғанша, балаңа дұрыс тәрбие бер

фото:видеодан скрин

ERNUR.KZ Нұртөре Жүсіп қоғамдағы мәселелерді сырттай сынаудан бұрын әр адам өз отбасындағы тәрбиеге көңіл бөлуі керек екенін айтты.

Оның пікірінше, еңбекқорлық, адалдық, жауапкершілік және үлкенді құрметтеу сияқты қасиеттер ең алдымен отбасында қалыптасады.

Н.Жүсіп қоғамдағы барлық мәселе үшін тек мемлекетті кінәлау дұрыс емес екенін айтып, әр азамат өз ісіне жауапкершілікпен қарап, қоғамның дамуына үлес қосуы тиіс екенін жеткізді. Оның сөзінше, саналы қоғам әр адамның өз міндетін адал атқаруынан басталады.