Нью-Йорктегі математика пәнінен олимпиада: Қазақстандық оқушылар топ жарды

0
552

Нью-Йорктегі Колумбия университетінде өткен жарысқа 50-ден астам ел қатысты.


Нью-Йорктегі математика пәнінен олимпиада: Қазақстандық оқушылар топ жарды

ERNUR.KZ. Қазақстандық оқушылар Нью-Йоркте өткен беделді Коперник халықаралық математика олимпиадасында 29 медаль жеңіп алды, деп жазады inform.kz.

Нью-Йорктегі Колумбия университетінде өткен жарысқа 50-ден астам ел қатысты.

Қазақстандық оқушылар олимпиадада 29 медаль жеңіп алып, ерекше жетістік көрсетті: 2 алтын, 11 күміс және 16 қола.

Қазақстан құрамасы өкілдерінің бірі – Нью-Йоркте күміс жүлдегер атанған Тараз қаласындағы №53 мектептің 4-сынып оқушысы Қалабай Абылай. Ол Америка Олимпиадасының жоғары деңгейде өткенін, ел абыройын асқақтату үшін алдағы уақытта да осындай халықаралық жарыстарға қатысуды жоспарлап отырғанын айтты.

Абылайдың анасы Жансая Рахманқұлова бұл ұлының АҚШ-қа алғашқы сапары екенін айтты. Абылай шахматқа, астрономияға, робототехникаға қызығушылық танытқанымен, математикаға бала кезінен құмар. Абылай — Қазақстандағы барлық олимпиадалардың бірінші орын иегері. Анасы ұлының халықаралық олимпиададағы жетістіктерін және Қазақстанның беделін арттыруға қосқан үлесін мақтан тұтады.

Олимпиаданың күміс жүлдегері Асқар Әлмақтұм Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ 8-сынып оқушысы.

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы дипломатиялық мекемелері оқушыларға қолдау көрсеткен ұстаздар мен ата-аналарға алғыстарын білдірді.

— Қымбатты студенттер, ғылымның қызық әлемін танып-білуде алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз! - деді Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі Бас консулдығының Facebook-тегі парақшасында.

Математикалық олимпиада атақты астроном және математик Николай Коперниктің есімімен аталады. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын, біліктілігін арттыруға бағытталған. Коперник олимпиадасы қатысушыларды математикалық теорияның тереңдігін зерттеуге, есептерді шешуге және шығармашылық ойлауға шақырады.