НЗМ оқушылары емтихан тапсырмаларын әзірлеп, шынайы материал ретінде таратқан

0
533

Бұл туралы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің төрағасы Әнуар Жанғозин мәлімдеді.


НЗМ оқушылары емтихан тапсырмаларын әзірлеп, шынайы материал ретінде таратқан

ERNUR.KZ. НЗМ оқушысы жалған тапсырмаларды әзірлеп, ал басқа оқушылар тобы оларды шынайы емтихан материалы ретінде таратқан, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің төрағасы Әнуар Жанғозин мәлімдеді.

"Бұған дейін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектері тапсыратын қорытынды емтихан материалдарын сату мен алдын-ала тарату бойынша жалған ақпараттың пайда болғанын жазған едім. Бүгінге дейін мәселені жан-жақты зерттедік. Жүргізілген қызметтік тексеріс шаралары оқушыларымыздың бірінің тапсырмаларды өз бетінше әзірлегені, ал басқа оқушылар оны нақты емтихан материалдары ретінде таратқаны белгілі болды. Бұл біздің мектептердің академиялық адалдығы мен ішкі ережелерін қатаң бұзу болып саналады", - деп жазды Жанғозин.

Ол анықталған заңбұзушылықтарға сәйкес осындай келеңсіздікті туындатқан оқушыларға емтихандарды қайта тапсыру құқығынсыз емтихан нәтижелерін жою туралы шешім қабылданғанын түсіндірді.

"Бұл оқушылар қорытынды емтихандар аясында ҰБТ сертификатын алу мүмкіндігінен айырылады. Материалдарды таратуға қатысқан қалған оқушыларға да тәртіптік жаза қолданылды. Біз мектептеріміздегі білім беру процесінің сапасы мен тұтастығын сақтау үшін білім берудің жоғары стандарттарын, академиялық адалдық пен ашықтық принциптерін ұстануды бұдан әрі де жалғастырамыз".