Ол мешітті көріп, ерекше әсерге бөленгенін айтты.
Фото: Видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Еуропадан келген турист Астанадағы Орталық мешітті көріп, көз жасын ұстай алмай қалды, деп деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Мен мұсылман емеспін. Бірақ Орталық Азиядағы ең үлкен мешітті көріп, ерекше әсерге бөленіп отырмын», - дейді турист.
Туристің әсерленгенін көрген желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
«Шынымен, өте әдемі мешіт», «Алланың қонағы», «Ол – Италиядан келген қонақ, діні – христиан. Біз сол жерде таныстық. Оған мешіт қатты ұнады», «Абу Дабидегімен теңдей әдемілігі», - деп жазды желі қолданушылары.