Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың коронавирус індетінен қаза тапқандарды жерлеу алгоритмі нақтыланған қаулысы бар.
ERNUR.KZ. Өкпенің қабынуынан қайтыс болғандарға да коронавирустағыдай жерлеу тәртібі ережесі сақталады, деп жазады aikyn.kz.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, коронавирустан ажал құшқандардың жерлеу ережесі өкпе қабынуынан қайтыс болғандарға да қолданылады.
«Екеуі де – бірдей жағдай. Сондықтан емдеу шараларымен қатар басқа да прициптер сақталатын болады», – деп жауап берді Цой.
Ал Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың коронавирус індетінен қаза тапқандарды жерлеу алгоритмі нақтыланған қаулысы бар.
Аталған қаулыда COVID-19-ға күдікті адам қайтыс болғанда эпидемиологиялық тексеру және осы жағдайға байланысты басқа да іс-шаралар эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып тез арада жүргізілетіні нақты жазылған.
СОVID-19 диагнозынан қайтыс болған адамның денесі ашылмайды және туыстарына берілмейді.
Қаулы бойынша COVID-19-ға күдікті қайтыс болғанда мәйіт зертханалық зерттеу нәтижесі шыққанша туыстарына берілмейді.