Оқушы қыз суға кете жаздаған екі баланы құтқарып қалды

0
925

Оқушы өткен жылы да екі баланы құтқарып қалып, медициналық көмек көрсеткен.


Оқушы қыз суға кете жаздаған екі баланы құтқарып қалды

ERNUR.KZ. М. Әуезов атындағы №42 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Дарья Матюшонок Усолка өзенінде суға батып кете жаздаған екі балаға дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетті, деп жазады pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

Шомылуға арналған орыннан шамамен 40 жастағы жергілікті тұрғын 2004 және 2006 жылғы екі баланы алып шықты. Жасөспірімдер ересектердің қарауынсыз қалған. Судың жағасында жүрген №42 мектептің оқушысы Матюшонок реанимациялық шаралар жүргізе бастаған кезде құтқарушылар келген. Әрі қарай балаларды жедел жәрдемге тапсырған. №42 жалпы орта білім беру мектебі директорының орынбасары Зәуреш Жүсіпованың айтуынша, Дарья Матюшонок өз еркімен «Жас құтқарушы» үйірмесіне қатысады және жаз мезгілінде бос уақытында үнемі «Дельфин» станциясында үйірме жетекшісі Александр Носковқа көмектеседі.

«Өткен жылы да екі баланы құтқарып қалып, медициналық көмек көрсеткен, - дейді Зәуреш Жүсіпова.

Сондай-ақ, мектепте жазғы демалыста «Құтқарушы» клубы жұмыс істейді. Жылына екі рет ПМУ мен ТЖД оқу-жаттығу өткізіп тұрады. Дарья – «Күз ханшайымы» байқауының екі дүркін жеңімпазы. Қазақ тілі пәні бойынша қалалық және облыстық байқауларға қатысады.