​Оқушы қызды қағып кеткен жүргізуші 10 миллион теңге төлейтін болды

0
937

Қаулы 26 қыркүйектен бастап заңды күшіне енді.


​Оқушы қызды қағып кеткен жүргізуші 10 миллион теңге төлейтін болды

ERNUR.KZ. Өскеменде оқушы қызды қағып кеткен көлік иесі 6 емес, 10 миллион теңге моральдық өтемақы төлейтін болды, деп жазады Алтайньюс.

Естеріңізде болса, 16 мамырда Абай даңғылы бойында №18 мектептің оқушысын көлік басып кеткен болатын. 8 жасар қыз қаза тапқан еді. Осы іске қатысты 13 тамызда болған сотта айыпкер 2,5 жылға бас бостандығынан айырылып, 6 миллион теңге көлемінде құн төлеуге міндеттелген-ді.

Бірақ жапа шегуші тарап сотқа қайыра шағым түсіріп, жазаланушының, заңда көрсетілгендей, толық 5 жыл жазасын өтеуін сұрапты.
26 қыркүйекте осыған қатысты екінші мәрте сот отырысы өтті. Онда жазагерге таңылған 2,5 жыл мерзім сол күйі қалдырылды. Бірақ ол енді 6 миллион емес, 10 миллион моральдық ақы өтейтін болды.

Қаулы 26 қыркүйектен бастап заңды күшіне енді.