Оқушы қызды үйіне дейін аңдыған күдікті азамат елді дүрліктірді

0
702

Ер адам психоневрологиялық диспансерде тіркелген адамдардың тізімінде болған.


Оқушы қызды үйіне дейін аңдыған күдікті азамат елді дүрліктірді

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде ер адамның кішкентай мектеп оқушысының қыр соңынан қалмай, пәтеріне дейін келген видеосы тарады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандықтарды дүрліктірген видео Instagram әлеуметтік желісіндегі alma_ata_online парақшасында жарияланды.

Кадрдан ер азаматтың қыз баланың соңынан көшеден келгенін, онымен бірге тұрғын үйдің подъездіне кіргенін байқауға болады.
Мектеп оқушысы болса пәтеріне кіруді жөн көрмей, қайтадан сыртқа шығып кеткен.
Ал күдікті болса, лифт жанында кішкене аялдап, көшеге қарай кетті.
Мұны көрген желі оқырмандары күдіктіні тез арада ұстау керектігін жеткізді.
Олар ер адамның арам ойын сезіп, көшеге шығып кеткен қыз баланың ақылдылығын да сөз етті.
Бейнежазба бақылау камерасына Мәскеу облысында түсірілген.
Видео қаһарманы - тоғыз жастағы Варвара.
Оның анасы басылымдарға күдіктінің қызын мектептен шыққаннан кейін аңдығанын растады.
Варвара өзін аңдығанын сезгенін жақындарына жеткізген.
Айта кетейік, жергілікті тұрғындар видеоның "батырын" таныды. Болжам бойынша, ол психоневрологиялық диспансерде тіркелген адамдардың тізімінде болған.