Оқушылардың мектепке қандай формамен баратынын ата-аналар өздері шешетін болды

0
655

Уақытша өзгерістер енгізілді.


Оқушылардың мектепке қандай формамен баратынын ата-аналар өздері шешетін болды

ERNUR.KZ. Оқушылардың мектепке қандай формамен келетінін ата-аналар өздері шешетін болды, деп жазады ҚазАқпарат.

БҒМ баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жалпы формаға қойылатын талаптар жойылмайды, бірақ уақытша өзгерістер енгізілді.


«Соған байланысты биыл ата-аналар баланы мектеп формасында немесе басқа да ыңғайлы киіммен жіберу туралы шешімді өзі қабылдайды»,- делінген хабарламада.


ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, қазіргі таңда республика мектептерінде педагогикалық кеңестер өтіп жатыр. Онда биылғы оқу жылының ұйымдастырылуына байланысты өзекті мәселелер талқыланып жатыр.