Оқушылардың мектепте смартфон пайдалануына тыйым салынбақ

0
778

Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Сенат депутатының сауалына берген жауабында айтылған.


Оқушылардың мектепте смартфон пайдалануына тыйым салынбақ

ERNUR.KZ. Елімізде мектепте оқу кезінде смартфондарды, планшеттерді пайдалануға тыйым салу енгізілуі мүмкін, деп жазады ҚазАқпарат.

«Білім беру ұйымдарында түрлі гаджеттерді (смартфондарды, планшеттерді және т.б.) пайдалануға тыйым салуды енгізу мүмкіндігі туралы мәселені пысықтау бүгінгі күні осындай шараларды іске асыру үшін құқықтық жағдайлар іс жүзінде бар екенін (8 өңірде кәдімгі кнопкалы телефондар пайдаланылады) көрсетті. Сонымен қатар, білім беру саласындағы қолданыстағы заңнама бойынша білім алушылар мен олардың ата-аналарының смартфондарды пайдалануына тыйым салуды жалпы білім беретін мектептерде оқу орнының ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер, білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелері және білім беру қызметін көрсету шарттары аясында реттеу жоспарлануда», - деп атап өтеді Асқар Мамин.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысының атына жолдаған сауалдарында ұлттық ақпараттық кеңістіктің үйлесімді дамуын қамтамасыз ету және ақпараттық ортада балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар кешенін іске асыру жөнінде мәселе көтерген болатын.