Оқушыларға қысқа белдемше киюге тыйым салынуы мүмкін

0
629

Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.


Оқушыларға қысқа белдемше киюге тыйым салынуы мүмкін

ERNUR.KZ. Петицияға арналған платформада мектеп оқушылары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға толықтырулар енгізу туралы ұсыныс пайда болды, деп жазады baq.kz.

Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес оның үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.

Қазақстанда ұлдардың мектеп формасы келесідей:

пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Қыздардың мектеп формасы төмендегідей:

пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Енді аталмыш петицияда оқушыларға тізеден төмен түсіп тұратын белдемше мен декольтені, яғни кеуденің жоғарғы тұсын жауып тұратын блузка кию туралы талапты енгізу ұсынылады.

Ұсынылған толықтыруларды қабылдау қоғамды тұрақсыздандыратын көптеген манипуляцияның алдын алуға септеседі. Нәтижесінде міндетті мектеп формасы туралы дау-дамайға нүкте қоюға, мемлекетіміздің зайырлы негіздерді нығайтуға болады, - делінген петицияда.

Петицияның толық нұсқасымен танысу үшін сілтемеге өтуіңізге болады.