Оқушыларға жаңа жылға қарай демалыс беріледі

0
61

Биылғы оқу жылындағы академиялық күнтізбе бойынша екінші тоқсан сегіз аптаға созылады.


Оқушыларға жаңа жылға қарай демалыс беріледі

ERNUR.KZ. Еліміздегі мектептерде оқушылардың қысқы демалысының уақыты анықталды, деп жазады baq.kz.

Биылғы оқу жылындағы академиялық күнтізбе бойынша екінші тоқсан сегіз аптаға созылады, ал қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2026 жылдың 7 қаңтарына дейін жалғасады. Жалпы демалыс ұзақтығы – 10 күн.

Бірінші сынып оқушылары дәстүр бойынша қосымша демалысқа шығады. Олар үшін арнайы үзіліс 2026 жылғы 9-15 ақпан аралығында беріледі.

Үшінші тоқсан он аптаға жоспарланған. Көктемгі каникул 2026 жылғы 19-29 наурыз аралығында өтіп, оқушыларға 11 күндік демалыс ұсынылады.

Төртінші тоқсан сегіз аптаға созылып, оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Айта кетейік, биылғы күзгі каникул 27 қазан – 2 қараша аралығында өтті. Сонымен қатар 2025-2026 оқу жылының ресми аяқталу күні 25 мамыр 2026 жыл екенін еске саламыз.