Оқушының үстіне мұз құлап ПИК төрағасына айыппұл салынды

0
1 543

Миы шайқалған оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.


Оқушының үстіне мұз құлап ПИК төрағасына айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Павлодарда оқушының үстіне мұз құлап кетті, деп жазады тengrinews.kz.

Оқиға 6 наурызда болды. Полиция өкілдерінің айтуынша, сол күні жасөспірім үйдің кіреберісіне кіріп бара жатқан.

"Кәмелетке толмаған бала басынан жарақат алды. Миы шайқалып, ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Осы дерекке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Оқушы зардап шеккен Короенко көшесінде орналасқан үйге қызмет көрсететін ПИК (пәтер иелерінің кооперативі) төрағасына 30 АЕК (75 750 теңге) айыппұл салынды", - деді полиция өкілдері.

Куәгерлердің айтуынша, баланың үстіне құлаған мұз шамамен 50 сантиметр болған.