Күдіктіге іздеу жарияланды.
ERNUR.KZ. Қарағанды полициясы танысын өлтірмек болды деген күдікпен бір айдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген 23 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп жазады Stan.kz.
Оқиға 10 қазан күні болған. 23 жастағы қарағандылық жанжал кезінде танысына бірнеше пышақ жарақатын салған.
Зардап шекккен 28 жастағы қыз Қарағандының медициналық мекемелерінің біріне көптеген жарақаттармен жатқызылды. Кейін Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы қыздың жағдайы тұрақты екенін хабарлады.
Қарағанды қаласының полиция басқармасының Киров полиция бөлімімен аталған факті бойынша ҚР ҚК "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге іздеу жарияланды.
Өңірдің полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті облыс аумағында жедел-іздестіру шаралары барысында қолға түскен. Ер адам қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"23 қарашада жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол қазір кінәсін мойындап отыр. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда", - деді ведомстводағылар.