Олжас Бектенов Қырғызстанға ресми сапармен келді

0
75

Ресми сапар барысында үкімет басшылары келіссөздер жүргізеді.


Олжас Бектенов Қырғызстанға ресми сапармен келді

Фото: Қырғызстан Министрлер кабинеті

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қырғыз Республикасына ресми сапармен келді, деп жазады inform.kz.

Олжас Бектеновті Манас халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы — Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Қасымалиев қарсы алды.

Ресми сапар барысында үкімет басшылары келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар, Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қасымалиев Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы екінші өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады және қырғыз-қазақ үкіметаралық кеңесінің он төртінші отырысына төрағалық етеді.

Еске сала кетейік, қыркүйекте Қырғызстанда Қазақстан медицинасы күндері өткен болатын.

Қазақстан мен Қырғызстан фитосанитариялық қауіпсіздік бойынша меморандумға қол қойды.