Бұл адам 2011 жылы 14 жылға сотталған болатын
Фото: скриншот
ERNUR.KZ. Жуырда, қазан айының басында Қазақстанның бірқатар интернет платформаларында Исматулла Мақсұм медреседегі ұлдарға зорлық-зомбылық жасады деген мәлімдемелер таралған болатын. Ішкі істер министрлігі осы ашық мәлімдемелерді ескере отырып, оған қатысты тергеу басталғанын растады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Таралған мәліметтерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Қазақстанның Қылмыстық-процессуалдыұ кодексінің 201 бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің мән-жайларын жариялауға болмайды», - деп растады ІІМ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Исматулла Мақсұм 2011 жылы діни экстремизм және қылмыстық топ құрғаны үшін 14 жылға сотталған болатын. Ол 2019 жылы немесе 2020 жылы бостандыққа шықты деген ақпарат бар.
Жуырда, қазан айының басында оның басқа да қылмысқа қатысы бар деген мәлімдемелер таралды. Оған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да мәлімдеме жасаған болатын.


