Қытайда магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелді

0
241


Қытайда магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелді

Фото: Анадолы

ERNUR.KZ. Қытай аумағында бүгін жерасты дүмпулері тіркелді, деп жазады kaz.inform.kz

Жер сілкінісінің магнитудасы 4,7 болды. Бұл туралы Қазақстанның ұлттық деректер орталығы хабарлады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Қазақстандық деректер орталығы ұсынған жедел мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісі 2026 жылғы 26 қазанда Астана уақытымен сағат 12:48-де (Гринвич уақытымен сағат 07:48-де) болған.

Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 40,28 градусы мен шығыс бойлықтың 77,92 градусының қиылысында орналасқан.

Жерасты дүмпулерінің магнитудасы (mpv) 4,7, ал энергетикалық класы (K) 11,5 болды.