«Омбудсмен туралы» арнаулы заң қабылданады – Тоқаев

0
2 294

Президент адам құқығына байланысты негізгі мәселелер өңірлерде байқалып отырғанын айтты.


«Омбудсмен туралы» арнаулы заң қабылданады – Тоқаев

ERNUR.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылу барысында айтты, деп жазады baq.kz.

Адам құқығын қорғау саласы дәйекті түрде жетілдіруі керек. Оны институционалдық және ұйымдастыру жаңғынан нығайта түсуіміз қажет. Бізде омбудсмен институты бар. Бірақ ол әзірге өзінің әлеуетін толық көрсете алмай отыр. Сондықтан жақын арада Омбудсмен туралы арнаулы заң қабылдауымыз керек. Бұл заң аталған инстиуттың қызметін барлық бағыт бойынша реттейді. Тиісті мамандар болмаса және ұйымдастыру жұмыстары жасалмаса, омбудсмен қызметін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету қиынға соғады, - деді ол.

Президент адам құқығына байланысты негізгі мәселелер өңірлерде байқалып отырғанын айтты.

Жергілікті биліктің үстінен арыз шағымдар көп түседі. Сондықтан омбудсмен инстиутын аймақтарда күшейту қажеті. Адам құқығы жөніндегі уәкілдің қызметін нығайту қажет. Сонымен қатар, бала құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды мәселелерді шешуіміз керек. Бала құқығын қамтамасыз ету – балалар арасындағы суицид пен буллингтің алдын алу үшін мемлекеттік бақылауды күшейтіп, тиімді тетіктерді қарастырғңан жөн, - деді ол.

Президент ерекше күтімге мұқтаж балалардың инклюзивті даму мәселесін назардан тыс қалдырмауы каерегін айтты.

Білім беру мекемелеріндегі тиісті қызметтердің тиімділігін арттыру үшін нормативтік база қабылдау кезек күттірмейтін қызметтің бірі, - деді ол.