Он айда жол апатында 267 бала көз жұмған

0
207

Олардың жартысынан көбі автокөліктерде жолаушы болған.


Он айда жол апатында 267 бала көз жұмған

фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері елордалық тұрғындарға балалардың жолдағы қауіпсіздігі мәселенің маңыздылығын түсіндірді. Бұл істе тәртіп сақшыларына "Q88" аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығы көмектесті, деп жазады sputnik.kz.
Оқу орындарының алдында полиция қызметкерлері қоғам белсенділерімен бірге балаларды тасымалдау кезінде ережелерді сақтау қажеттігі туралы профилактикалық акция өткізді. Биыл 10 айда жол апатында 267 бала көз жұмған. Олардың жартысынан көбі автокөліктерде жолаушы болған.

Басым көпшілігін ересектер қауіпсіздік ережелерін бұза отырып тасымалдаған, яғни арнайы орындықты, адаптерлер мен ұстағыштарды пайдаланбаған. Айта кетейік, заңнама бойынша елімізде 12 жасқа дейінгі балаларды автокөліктерде тасымалдау үшін балаларға арналған автокреслоларды пайдалану міндетті болып табылады. Бұл балалардың жолдағы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.