Он екі миллионға жуық қазақстандықтың зейнетақы жинағына оң әсер ететін норма қабылданды

0
450

Мұндай түзету жаңа Әлеуметтік кодексте көзделген.


Он екі миллионға жуық қазақстандықтың зейнетақы жинағына оң әсер ететін норма қабылданды

ERNUR.KZ. Парламент сенаты зейнетақы шоттарына қызмет көрсеткені үшін алынатын комиссиялық сыйақыны төмендетуге бағытталған норманы қабылдады, деп жазады sputnik.kz.

Мұндай түзету жаңа Әлеуметтік кодексте көзделген.
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысы зейнетақы активтерінен айына 0,01%-дан 0,008%-ға дейін, бірақ бір жеке зейнетақы шотынан 0,04 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шамаға кемітіледі", - делінген Әлеуметтік кодекс жобасына берілген қорытындыда.
Бұл норма БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар 11,9 млн салымшыға қатысты және олардың зейнетақы жинағына оң әсер етеді, деп атап өтті депутаттар. Сенат кулуарында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова енді зейнетақы шоттарынан қызмет көрсеткені үшін аз ақша алынатынын растады.
"Осы уақытқа дейін Жинақтаушы зейнетақы қоры біздің зейнетақы жинағымыздан көрсеткен қызметі үшін 0,01% алып жүрген. Енді сол қызмет 0,01%-дан 0,008%-ға түсті. Осылайша, зейнетақы жинағынан алатын қаражат шотымызда көбірек қалады", - деді еңбек министрі.