"Ондай әрекетке жол бермеу керек": Вице-министр жұмыстан босатылған туристік полиция қызметкерлері туралы

0
103

Мәселе тәртіптік комиссияда қаралған.


Фото: tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Астанада жұмысынан босатылған туристік полицияның екі қызметкеріне қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

Бұған дейін Астанада туристік полицияның екі қызметкері қызметінен кеткенін жазғанбыз.

"Біз бұл мәселені тәртіптік комиссияда қарадық. Комиссия қызметкерлердің әрекетінен қызметтік этика мен полицейлердің өзін-өзі ұстау талаптарының бұзылғанын анықтады", – деді Ішкі істер министрінің орынбасары тілшілерді сауалына берген жауабында.

Вице-министрдің сөзінше, қызмет бабында жүрген полиция қызметкерлері мұндай әрекетке жол бермеуі тиіс.

"Бәлкім, біз консервативті адам шығармыз, алайда полиция қызметкерлері мұндай мінез-құлық көрсетпеуі керек деп есептейміз", – деді Игорь Лепеха.

Тәртіптік комиссияның қорытындысы бойынша аталған қызметкерлерді жұмыстан босату туралы шешім қабылданған.

"Тәртіптік комиссия бұл әйелдерді жұмыстан босату керек деп шешті. Бәлкім, олар өздерін мәдениет саласынан табар", – деп атап өтті спикер.