"Өнер барысы – 2020" сайысы 16 желтоқсан күні тікелей эфирден көрсетіледі

0
2 114

Жоба ҚР «Қазақ күресі» федерациясының күнтізбесіне енгізілген, федерацияның төрешілері төрелік етеді.


ERNUR.KZ. 16 желтоқсан 12.00-де «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде «Өнер барысы» мега жобасы көрсетіледі. Жобада республикаға танымал өнер адамдары, еліміздің мега жұлдыздары «Қазақша күрес» ережесі бойынша боз кілемде бақ сынайды, деп жазады aikyn.kz.

Аталмыш жоба тұңғыш рет 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен елордада өткен. «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен берілген «Өнер барысы» көпшіліктің зор сүйіспеншілігіне бөленді. Жыл бойы көрсетілген хабарлардың ішінен рейтинг бойынша 1-орынға ие болды.
Әлеуметтік желіде 10 миллионға жуық оқырманға тарады. Жыл жаңалығына айналды. Биыл аталмыш жоба еліміздегі карантиндік шектеулерге байланысты көрерменсіз, тек «Хабар» телеарнасының тікелей эфирі арқылы көпшілікке ұсынылады.
Жоба ҚР «Қазақ күресі» федерациясының күнтізбесіне енгізілген, федерацияның төрешілері төрелік етеді. Боз кілемге 20 қатысушы шығады. Олар салмақ бойынша 5 топқа бөлініп, командалық сайысқа түседі.


Жоба қатысушылары:
Тәуекел Мүслім, Еркебұлан Дайыров, Мейіржан Төребаев, Мейрамхан Шалқыбеков, Бауыржан Сатов, Ернар Сакупов;
Әлібек Серғалиев, Мәке Сәкеевич, Арман Қоңыров, Әділжан Омаров, Бейбіт Көшқалиев, Қуаныш Кеңес;
Дәурен Серғазы, Әзімбек Байлин, Артур Төлепов, Ақболат Өтебай, Азимжан Саидбаев, Олжас Әлжанов, Асылхан Дүкенбаев, Нұркен Иманқұлов.