Биылғы жылы қалай құрбандық шалу керек?
ERNUR.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы онлайн құрбандық шалуға қатысты мәлімет берді, деп жазады Stan.kz.
Бас мүфти биылғы жылы Құрбан айт намазы оқылмайтынын айтты. Ол мешіттердің жабық болатынын жеткізді.
"Алдымыда ұлық мейрам Құрбан айт келе жатыр. Былғы жылы құрбан айт 31 шілде, 1,2 тамызға бекітілді. Алайда еліміздегі карантин мерзімі 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан, республика бойынша мешітер жабық болуына байланысты, 31 шілде құрбан айт намазы оқылмайды", - дейді Наурызбай Қажы.
Мүфти биылғы жылы қалай құрбандық шалу керек екенін айтты.
"Діни басқарма ел мұсылмандарының өтінішін ескере отырып, билғы жылы алғашқы рет, қашықтықтан құрбан шалу жобасын қолға алдық. Kurban2020 сайты ашылып, бүгіннен бастап 24 сағат бойы іске қосылады. 31 шілдеге дейін тапсырыс қабылдай алады. Онлайн құрбандық шалу бірқатар мұсылман мемлекеттерінде әдетке айналған. Бұл пайда табу емес, халықтың құрбан шалуға мүмкіндік тудыру. Аталмыш жоба келесі жылы да өз жалғасын табады деген үміттеміз", - дейді бас мүфти.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, ҚМДБ наиб имамы Оңғаров Ершат Ағыбайұлы құрбандық шалудың нақты ережелерін айтып берді.
"Жоғарыда айтылғандай еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты арнайы сайт арқылы онлайн режимде жүзеге асады. Сайттың бірінші беті үш ұяшықтан тұрады. Бірінші құрбандық шалуға тапсырыс беру, екінші құрбандық етін алу үшін өтініш қалдыру, үшінші құрбандық шалу барысы туралы қарап отыра аласыз. Өз өңіріңізді таңдап, сіздің тапсырысыңыз өзіңіз тұратын өңірге түседі. Анкета толтырып, шалғыңыз келген құрбандық малын таңдайсыз. Осы ретте құрбандық малының бірнеше түрі ұсынылады. Бұл ірі қара, қой, түй және ешкі. Бір адам ірі қараны бір немесе жеті адам бірге таңдай алады. Ал қой мен ешкіні тек бір ғана адам таңдайды. Артынша құны шығады", - дейді наиб имам.