Орал әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

0
705

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі облыстық жедел штаб отырысын өткізді.


Орал әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

ERNUR.KZ. Су тасқынына байланысты Орал әкімі Миржан Сатқановқа қатаң сөгіс жарияланды, деп жазады tengrinews.kz.

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі облыстық жедел штаб отырысын өткізіп, онда Орал әкіміне қатаң сөгіс жариялады.

"Сіздер су тасқынына дайын болмадыңыздар. Тіпті қала әкімдігінің ғимараты да суға батты. Мұның бәрі жауапсыздықты көрсетеді. Кеше-бүгін қаланы араладым, кейбір шағынаудандарда мен келгенде жұмыс енді ғана басталып жатыр. Орал әкіміне қатаң сөгіс жариялаймын. Қала мен аудандар күшейтілген режимде жұмыс істеуі керек. Жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстаңыздар", - деді облыс әкімі.